"Жақынымды жерлейтін жер жоқ!",-тұрғын

Жақынымды жерлейтін жер жоқ! Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары осылай деп шағымданды. Айтуларынша, зиратта орын таусылғанына 2 жылдан асқан. Жұрт марқұмды жер қойнына тапсыру үшін көрші ауылдарға апаруға мәжбүр. Бұған құзырлылар не дейді? Тілшіміз айтады. Талғарда 50 мыңға жуық тұрғын бар. Жазық жерде орналасқан елдімекенде марқұмды жерлейтін орынның табылмауы жұртты қынжылтады. Бақыт БЕКБОЛАТҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Өмір бар жерде өлім бар, оны екі жақты да ойлауымыз керек. Жұрт шулап жүріп бұған дейін де әкімдікке барған. Шағымдарын айтқан. Ондағылар тау бөктерінен орын беріпті. Ал ол жерге көтеріліп, түсу оңай емес дейді тұрғындар. Бекей АҚТЫХАЛЫҚОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Тау 20 гектар оған жаяу адамның өзі әрең шығады, мәшине емес, машинемен апарса мүрдені көтеріп шығу керек. Тауда бір жағы еңіс, бір жағы биік көтеріп шығу үшін жан жағынан адамдар керек. Оны берген адамдар не ойлағанын білмеймін. Жауаптылар мұны біледі. Елдімекен аумағындағы қорымның тарылғанын мойындайды. Мәселені шешуге тырысып жатқандарын жеткізді. Нұрғали ТҰРМАНБЕТОВ, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жерде қайтыс болып жатқан адамдарды бар ғо сол жерлерде, біз бардық орны бар, Әкімге ұсыныстар айтылды, екі бейіттің ортасындағы жол 8 - 10метр екен.Соны кішкене реттеп неғыла беруге болады.Енді осы былтыр күзде жіберілді преписаниялар. Жер ресурстарын басқару бөлімімен енді күзге дейін шешіліп қалады. Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:  Мынадай қазақтың кең байтақ жерінде марқұмды жерлейтін жер тапшы болып тұрғаны өкінішті әрине. Жауаптылардың айтуынша, Талғар қаласына қарасты үш ауылдың тұрғындары енді туысы көз жұмса, өзге ауылдарға апарып жерлеуге мәжбүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды