Жалдамалы пәтер ақысы арзандады, ал баспана бағасы қымбаттап жатыр

Елімізде баспана бағасы қымбаттап жатыр. Бірақ жалдамалы пәтер ақысы арзандаған. Бұған не себеп? Алдағы күндерге болжам қандай? Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. Жұмыссыз қалған 155 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаржылай көмек алды. Биыл 146,3 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалған. Қолданыстағы заңнама бойынша жұмысынан босатылғандар соңғы екі жылдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін төлем алады. Қаржы тіркелген кірістің 45 процентіне дейінгі мөлшерде беріледі. Жылжымайтын мүлік саудасы азайды. Тұрғын үйді сату және сатып алу бойынша өткен айда 35 мыңнан астам келісім жасалған. Бұл -алдыңғы айлармен салыстырғанда ең төмен көрсеткіш. Бірақ, сауда бәсеңдегенімен баға түсер емес. Керісінше, қымбаттап барады. Елордада жаңа баспананың бағасы 1,5 пайызға көтерілген. Алатау баурайында үй бағасы 5,2 пайызға қымбаттады. Ал жалдамалы пәтерге сұраныс төмендеген. Қазір Алматыда баспана жалдау ақысы -шаршы метріне 4715 теңге. Ал Астанада 4500 теңге деп бағаланған. Бұл көрсеткіш -өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Айбар ОЛЖАЙ, ЭКОНОМИСТ: Осыдан екі жыл бұрын болған сол уақыттан бері тұрып келе жатқан үлкен бір тұрғын үй нарығындағы ажиотаж қазір өзінің тоқтау фазасына келді. Жаңадан салынған үйлер нарығында тек қана бағаның өсуінің бәсеңдеуін байқауға болады. Баға өсуінің тоқтауы немесе бағаның кері кетуі 2024 жылдың жартысына дейін орын алмайтын сияқты. Әр бала сүйіп жейтін шоколад қымбаттады елімізде. Жұрт кәмпит-пешенейді көбірек сатып алған сайын баға шарықтап барады. Бір жылдық өсім-13,7 процент. Карамель бағасы 21, мармелад 18 пайызға өскен. Сарапшылар мұны қант құнымен байланыстырып отыр. Дүкен сөрелеріндегі тәттінің дені-импорттық өнім. Дегенмен, отандық өндіріс те оны өкшелеп келеді. Биыл елімізде 68,8 мың тонна тәтті өнім дайындалған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды