«Жалған тендер»: Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды

Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырған қылмыстық топ сотталды.Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінді. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Жәбірленушілердің сөзінше, өз таныстары “тендермен айналысатын бастығына” көмек қажеттігін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесін беруге және банк алдындағы қарызды толық өтеуге уәде еткен. Көбінесе олар несиені тауарлай рәсімдетіп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12% пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда, ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, “ізін суытқан”. Нәтижесінде несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға белшесінен батқан. 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған жайтты тергеушілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23-43 жас аралығындағы, 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар. Олардың әрқайсысының өз міндеттері болған: кейбірі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгеге жуық. Арызданушылар әртүрлі банктерден 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған. Тәртіп сақшылары жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Миы шайқалған: Павлодарда төрт жасар бала биіктен құлап кетті
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
“Бортсеріктің ішінен ұрған“. Полицейлер Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Құдай сазайыңды берсін: Белгілі блогер жанайқайын жеткізді
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ғалымжан Мұстафаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Армиясы Орталық Азиядағы ең әлеуеті жоғары әскер атанды
Атырау мұнай өңдеу зауытының құбырындағы ақау жөнделді
Алматыда троллейбус жас жігітті қағып өлтірді (ВИДЕО)
Павлодар облысында қуаттылығы 3,5 тонна құс фабрикасын кеңейту жобасы жүзеге асырылды
Зейнетақымды алсам, арманым жоқ: 71 жастағы әжей алғаш рет жеке куәлік алды
Тоқаев БАӘ президентімен кездесуде қандай мәселені талқылады
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды