"Жалғыз жүретін әйелдерге ескерту". Балиде алаяқтықтың жаңа түрі таралды

Балиде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Автокөлік жүргізушілері өз көліктерін танымал такси қызметтерінің түстеріне бояп, туристерді алдайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 7News сайтына сілтеме жасап.Индонезия аралының билігі мұндай жүргізушілермен сапарға шығу туристер үшін қауіпті екенін ескертті. Ел билігі, әсіресе, Балиге жалғыз демалуға келген әйелдерге сақ болуды ескертті.Олар туристерге Gojek және Grab тәрізді танымал, әрі сенімді такси қызметтерінің қосымшаларын пайдалануға кеңес берді. Сонымен қатар ел билігі алдағы президент сайлауына байланысты саяхатшыларға туристер көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің жоғары қаупі туралы ескертті. Президент сайлауы 14 ақпанға жоспарланған. "Мұқият болыңыз. Танымал туристік аймақтар террористік актілер алаңына айналуы мүмкін", - делінген ескертуде. Сондай-ақ олар сайлау қарсаңында саяси митингілер мен наразылық акциялары өтуі мүмкін екенін айтты. "Наразылық акциялары болған жағдайда жолдар жабылуы мүмкін. Сонымен қатар танымал туристік орындарға кіруге шектеу қойылуы мүмкін. Наразылық акциялары мен демонстрациялардан аулақ болыңыз", - делінген туристерге жолданған үндеуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Түркістанда тағы бір жайлы мектеп ашылды
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады