Жалпыхалықтық сенбілікке 62 мыңға жуық адам қатысты

Елордада бір күнде 8 мыңнан астам көшет егілді. Бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жалпы қаланың 3,3 миллион шаршы метр жері тазартылды. Бұл «Жасыл-Астана» экологиялық акциясына қатысқан астаналықтардың еңбегі.Жалпы халықтық сенбілікке 62 мыңға жуық адам қатысты. Белсенділер бұл шара қаланы таза ұстауға, табиғатқа құрмет көрсетуге тәрбиелейді деп санайды. Акция аясында 8 мыңнан астам ағаш егілді. Жиылған жұрт бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмылып еңбек етті. Тек орталық көшелер ғана емес, аулалар түгелімен тазартылды. Досхан ТҰЯҚПАЕВ, «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сенбілікке Байқоңыр ауданы бойынша 14 мың адам жұмылдырылған. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, Мәслихат депутаттары, қала тұрғындары бар. Біз бүгін қылқан жапырақты ағаштар ектік. Яғни, шырша, қарағай, бал қарағай, терек сынды ағаштар. Барлығы 1052-ге жуық. Қаланың тазалығы үшін отбасымен тер төгіп жүргендер де болды. Қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Қасымбергебаев қоғамға пайдалы істі атқару үшін таңмен таласа тұрып, асыға келгенін айтады. Бауыржан ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Біздің бүгінгі ісімізді кейінгі ұрпақтың да білгені абзал. Мен де өз қызыма үлгі болғым келеді. Таңертең ерте оятып, қайда баратынымды айттым. Бұл сенбіліктің мән-маңызын, қоршаған ортаға пайдасын түсіндірдім. Сенбілікке қаланың барлық аймағында өтті. Тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Бір-біріне қолғабыс жасап, қаланың тазалығына үлес қосты. Әли КӨМЕКБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қаламыз таза, әдемі болып тұрса халық әдептілікті үйренеді. Ал қаланың тазалығы өзімізге, қала тұрғындарына байланысты. Сондықтан мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса. Тұрғындар өздері ұйымдасып сенбілікке шықса, ешкім бей-жәй қарамаса нұр үстіне нұр болады. Сенбілік 6 мамырға дейін жалғасады. Шара аясында саябақтар мен жағалау маңы тазартылып, ескерткіштер ретке келтіріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Ақмолада туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады