Жалпыұлттық мәселелерде партия мен идеологияға бөлінбеу керек – Ерлан Қарин

AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйледі. Форум жұмысына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен қатар, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінің тұжырымдамалық жолдауларына тоқталды. Саяси мәдениеттің дамуы туралы айта келе, Мемлекеттік кеңесші кейбір партияның тәжірибесіздігінен немесе шамадан тыс амбициясы салдарынан ара-тұра саяси эгоизмге ұрынып жататынын атап өтті. Ондай партиялар басқа партиялар айналысатын мәселелер мен тақырыптармен айналысудың қажеті жоқ деп санайды. Алайда жалпыұлттық мәселелерден алшақтап, саяси қателіктерге бой алдырады. Ерлан Қарин сондай-ақ елімізде синтетикалық есірткіге қарсы күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, балалар зорлық-зомбылығының алдын алу сияқты жалпыұлттық тақырыптардың айтарлықтай көп екеніне назар аударды. Бұл мәселер жаңа жалпыұлттық күн тәртібіне, президенттік реформаларды жүзеге асыруға тікелей қатысты екені айтылды. Мемлекеттік кеңесші «AMANAT» партиясы өзінің мол тәжіриесі мен саяси жауапкершілігінің арқасында халықты толғандырған мәселелерді шешуге әрқашан атсалысуға дайын екенін атап өтті. «Ол партиялық ұстанымға айналды. Туындаған қиындықты өзінікі немесе өзгенікі деп бөлмеу – бұл жауапты саяси мәдениеттің көрінісі», - деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. Е. Қарин басқа партиялар «AMANAT» партиясынан саяси жауапкершілік қағидатын қабылдауы керек деп есептейтінін айтты. «Ұлттық мәселелерді шешу – бүкіл қоғамның ісі. Оны партиялық немесе басқа идеологиялық бағыт бойынша бөліп қарастыруға болмайды», - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады