"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан" депутаттыққа кандидаттар елорда тұрғындарымен кездесті. Басқосуға көпбалалы аналар, жастар қатысты.Партия мүшелері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихат шараларын жалғастыруда. Олар бүгінге дейін түрлі саладағы еңбек ұжымдарымен, аймақтардағы сайлаушылармен 300-ден астам кездесу ұйымдастырды. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжанов өзекті әрі негізгі деген ұсыныс пен сұрақтар назарға алынып, алдағы уақытта ескерілетінін айтты. Айта кету керек, партия атынан Мәжіліске 19 кандидат ұсынылған. Мақсұт НАСИБУЛОВ, ЖСДП МҮШЕСІ: Бүгін 60-70 шақты жастар жиналды, жас отбасылар. Көптеген мазалаған сұрақтары көтерілді. Көптеген жастардың мәселесі көтерілді.