Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа кандидаттар сайлауалды науқан барысында атқарған жұмыстарды қорытындылады. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, бірлестіктің үгіт-насихат шаралары еліміздің барлық өңірінде жүргізілді.Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының аймақтық штабтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Партия белсенділері елдімекендерді түгел аралап, тұрғындармен кездесті. Парақшалар таратып, плакаттар ілді. Бірлестік мүшелері ресми парақшаларында тікелей эфирге қосылып, оқырман жолдаған сауалдарға жауап берді. Бұл тұрғыда волонтерлер көп көмек көрсетті дейді партия төрағасы. Асхат РАХЫМЖАНОВ, ЖСДП ТӨРАҒАСЫ: Үгіт-насихат кезеңін түйіндедік. Науқан уақытында бірқатар жұмыс атқарылды. Бейбіт митинг, автошеру мен онлайн-кездесулер ұйымдастырдық. М. Жолдыбалин