Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері Жолымбет ауылының тұрғындарымен кездесті. Олар саяси ұйым өкілдерімен тілдесу үшін республикалық штабқа арнайы келген.Жолымбет ауылы Ақмола облысына қарайды. Астана қаласының іргесінде орналасқан. Ауыл тұрғындары Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелерімен тілдесу үшін республикалық штабқа арнайы келген. Азаматтар ауыл шаруашылық, экология және жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталды. Бірлестік белсенділері тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарына жауап беріп, проблеманы шешудің жолдарын ұсынды. Жалпы бүгінге дейін депутаттыққа кандидаттар 500-ден астам үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Енді тағы 300 шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мақсұт НАСИБУЛОВ, ЖСДП МҮШЕСІ: Біздің ЖСДП республикалық штабына ауыл тұрғындары «келсек» деген өтініш білдірді. Кездесу барысында сол ауылдың мәселелері жөнінде айтып кетті. Бұл ауылда 5000 жуық халық тұрады. Олар көбінесе ауыл шаруашығымен айналысады.