Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа кандидаттар Атыраудағы «Қаз Транс Ойл» еңбек ұжымымен кездесті.Саяси ұйым мүшелері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның негізгі ұстанымын түсіндірді. Кәсіпорын еңбеккерлері экология, білім және медицина саласы бойынша сұрақтар қойып, жауап алды. Жалпы Атырау облысындағы белсенділер бүгінге дейін 70-тен астам іс-шара өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыруға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған. Нұрайнаш КАМАЛОВА, ЖСДП АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыс бойынша агитпоезд жұмысы аясында біздер осы Атырау өңірінің барлық ауданында болдық. Жұмыстарды сайлауалды бағдарламаны насихаттау барысында қарқынды жүргізіп жатырмыз.М. Жолдыбалин