Желіде қой сойған әйел желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл видеоны zhutayeva есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында жариялады."Қазіргі заманда кей еркектер қой соя алмайды. Менің енем ерледі",-деп жазды ол.Бұл кадр желіде 25 мыңнан аса қаралым, 1200 лайк жинаған, тіпті видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. "Әйел адам қой соя берген бұрындары. Тек бауыздамаған. Мүлдем. Тыйым болған. Әкем марқұм бала кезіндегі оқиғасын айтып отыратын", "Осындай қолынан бәрі келетін мықты аналардың алдында бас иемін! Менің де енем осындай, өзі қойды сойып, барлық шаруаны дөңгелетіп алып кетеді", "Неге соя алмайды, менің күйеуім барлық төрт түлік малды соя алады", "Менің анам да бауыздатып алып, соя береді", "Жаман көрінеді екен. Еркек орны мен әйелдің өз орны болу керек", "Негізі қыз бала мал сойғанда қарамайды деуші еді", "Ағам ұрысатын, әйел баласы қой бауыздаған кезде қарамайды, бауыздамайды, дұрыс емес", - деп жазды олар.