Жамбасы сынған: Астанада ер адам оқыс оқиғадан қаза болды

Астанада ер адам оқыс оқиғадан қаза болды. Ол парашютпен секіріп, жерге дұрыс қонбағаннан жамбасы сынып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оқиға туралы Желіде жәбірленушінің келіні хабарлағаны айтылған. Ұйымдастырушы компанияның Instagram-парақшасында пікір қалдырған қолданушылардың бірі оқиғаның рас-өтірігін білу үшін сұрақ қойған."Кеше сіздерде ер адам мерт болғаны рас па? Екі жері, жамбасы сынған. Ол түнде ауруханада қайтыс болыпты. Бұл туралы оның келіні әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, сіздерде қауіпсіздік техникасы, кезекші дәрігерлер жоқ екен", - деп сұрақ қойған оқырман.Бұған қатысты ұйымдастырушылардың өзі жауап берді. Олар мұндай оқиғаның болғанын растады."Кеше, расында да, дұрыс қонбағаннан ер адам жамбасын сындырып алды. Аэродромда болғанда ол есін білетін. Жедел жәрдем көлігі алып кетті. Әрі қарай дәрігерлердің қолында болды. Өкінішке орай, бізбен ешкім хабарласпады және біз мұны қазір әлеуметтік желідегі адамдардан естіп жатырмыз", - делінген қолданушы пікіріне қалдырылған жауапта.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аэродромда шынымен кезекші дәрігерлер жоқ екен. "Біздің нұсқаушылар көп жылдық тәжірибесі бар білікті, нұсқаулық өте егжей-тегжейлі жүргізіледі, қауіпсіздік ережелерінің барлық нюанстары айтылады. Бізде шынымен де кезекші дәрігерлер жоқ, бірақ алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажеттінің бәрі бар, қажет болған жағдайда оны көрсетеміз. Жамбас сүйегі сынған жағдайда қолымыздан келетіні адамды қозғалыссыз қалдырып, жедел жәрдемді күту ғана болды", - дейді ұйымдастырушылар.Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де растаған."31 шілдеде Алматы ауданы ПБ кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды Астана-Көкшетау тасжолының бойында орналасқан парашют клубынан жедел жәрдем көлігі ауыр жарақаттармен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізгені анықталды", - деп хабарлады ведомство.Астана ПД мәліметінше, дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Хоккей: Ұлыбританияға кеткен Қазақстан құрамасының үш ойыншысы елге қайтып келді
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Маңғыстаудағы республикалық тасжолда қозғалыс жабылды
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді – Қазгидромет
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Астанада cәйгүліктер сайысы өтіп жатыр
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды