Жамбыл облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Аймақтағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары туралы айтты. «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 103 көрсеткіш бар. Оның орындалу барысына ай сайын мониторинг жүргізіледі. Биыл өңірлік Жол картасы аясында 45 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталып, 1000 адамға жұмыс орны болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. «Ауыл аманаты» мен «Жер аманаты» бойынша 3000 жобаны қаржыландыру және 200 мың гектардан астам жерді халық игілігіне беру межесі тұр. Сонымен қатар 13 елдімекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, 35 тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:11 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. 446 бірлік медициналық жабдық және 40 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. 2023 жылы 17 денсаулық сақтау нысаны 2,4 млрд теңгеге пайдалануға беріліп отыр. Ол жұмыс биылғы жылда да жалғасатын болады. «AMANAT» партиясының халықпен бірге сайлау алды бағдарламасы экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз етеді.