Жамбыл облысы Қордай ауданында алғаш рет инновациялық мектеп ашылды. Соңғы үлгідегі құрал жабдықтар қойылған білім ордасында оқушылар қыркүйектен бастап білім алады. Талғат Нүсіпбаев атындағы мектеп 320 оқушыға арналған. Екі қабаттан тұратын білім ордасында физика, химия, биология кабинеттері бар. Барлығына интерактивті тақта қойылған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасалған. Гүлсімхан НҮСІПБАЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Цифрлы оқулықтардың бәрі жаңадан шыққан, цифрлық сауаттылық, басқада әдеби кітаптардың қоры толықтырылды. Осы балалардың қауіпсіздігі мен ұстаздардың жағдайы ойланған жаңа модификаиядағы мектеп деп айтуға болады. Бұл мектепте оқушылар үй жұмысында осында орындап, оқулықтарын үйлеріне тасып әуре болмайды. Кез келген кабинетте әр балаға жеке сөмкесін салатын сөре қойылған. 50-ге жуық бейнекамералар орнатылған. Балаларды тасыйтын қоғамдық көлікті қарастырылған. Бейсен САТЫШЕВ, ҚОРДАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үлкен қалалардағы мектептен қалысады деп айта алмаймын. Өте керемет. Саналы салиқалы ұрпақ тәрбиелегенге бірден-бір баспалдақ деп ойлаймын. Үйткені мынандай мектепте жаман білім алу мүмкін емес. Мен енді немерелемді осында алып келемін. Аймақта екі инновациялық мектеп бар. Бір білім ордасында STEM лабораториясы орнатылған. Биыл өңірде «Жайлы мектеп» жобасы бойынша тағы 12 мектеп бой көтермек.