Жамбыл облысындағы Қылышбай ауылын ауыз сумен қамтуға бөлінген 540 миллион теңге желге ұшты. Қомақты қаржыға су сорғы станциясы салынып, құбыр тартылған. Бірақ жердің астынан тұщы емес ащы су шықты. Жергілікті билік барлау кезінде қателік кеткен деп отыр. Таза ауыз су ішу ауыл тұрғындарына арман болып тұр. Жаңа станция салынғанда барлығы балаша қуанған. Бірақ су сепкендей бірден басылды. Қуанбек ЖАРҚЫНБЕКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Осы водокачкаға 500 млн ақша бөлінген. Былтыр қосты, осы декабрьде. Содан суымыз сап-сары. Кәдімгі тат су бар ғой. Сондай болып шықты. Света СӘКИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Вообщем іше алмайсың. У татиды. Кәдімгі теңіздің суы сияқты дәмі. Содан қалай жиіркенесіз тура сол. Мал ішпейді. Сөйтіп ауыз суды тасып ішіп отырмыз. Оразбек ҚҰРБАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Млндап, млндап ақша бөлініп жатыр. Бірақ оның сайда саны, құмда ізі жоқ. Оның қызығын кім көріп жатқанын? Ақшаны алады, құяды, жейді, ішеді кетеді. Ешкімнің жаны ашып жатқан жоқ халыққа. Ауыл халқы шу шығарған соң суды тазартатын құрылғыға аудандық бюджеттен тағы 25 млн қаралған. Одан да түк шықпаған. Ал әкімдік бұл қаржыларға бас ауыртпайтын сияқты. Себебі, барлық қателік барлау кезінде жер астында тәтті су қоры көп деп жасалған құжатта деп отыр. Бәкір ИСАБЕКОВ, ҚЫЛЫШБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерде геологиялық зерттеу жүргізгенде осы жердің суы тәтті деп берген. О баста, Сол қателік болып артынан осыған тірелді. Барлау кезінде қателік кезінде. Тәтті деген соң салынған. Ауылдықтар тексеріс жүргізілсін деп талап қойып отыр.