Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында елдімекендер қаңырап қалуда. Соңғы 10 жылда ауданнан 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен.Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазір мұндағы халық саны 28 мың 600 ден сәл асады. Құмды өлкедегі 24 елдімекеннің барлығында тұрғын азайған. Бір ғана Мирный ауылында қазір 675 адам тұрады. Соңғы 3 жылда шағын ауылдан 120 адам үдере көшкен. Көп үй қаңырап тұр. Себебі, оны егесі сата алмағандықтан тастап кеткен. Сәбит ТӨЛЕГЕНОВ, МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Соңғы 11 жылда халық саны азайған. Жалпы азаюы аудандағы соңғы жылдағы Мирный, Ақсүйек елдімекендеріндегі «Шығыс кент», «Батыс кент өндіру басқармаларының жабылуынан, уран шығаратын ірі кәсіпорындардың жабылуы әсер еткен.