Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып келген Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 қыркүйекте қол қойды. "Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған құжатта.