Биылғы 15 желтоқсанда Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тегі жағдайға сәйкес ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің өзгеруі және кешігуі туралы хабарлайды, - компанияның мәліметінде. Қазіргі уақытта станцияға келу уақытына сәйкес мына жолаушылар пойыздарының кешігуі сақталуда: - №72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа; - №3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа; - №27 Алматы-Орал 9 сағатқа; - №9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа; - №86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа; - №1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа; - №11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа; - №22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа; - №21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа; - №43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа; - №77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа; - №29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа; - №7 Алматы - Саратов 04 сағат 30 минутқа; - №45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа; - №75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа. - №33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа; - №506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа; - №509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа; - №511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа; - №52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа; - №42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа. Биылғы жылдың 15 желтоқсанында №51/52 Алматы 2-Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді. Тальго №41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына Билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 - Орал стандартты пойызымен жүреді. Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындықтар бар. Темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар бөлімдердің қатысуымен жедел штаб құрылды. Жолаушылар «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары арқылы Жолаушылар пойыздарының кешігуі және күшін жою туралы ақпарат ала алады.