Жамбыл облысында 266 бастауыш партия ұйымына біріккен 53 мыңнан аса партия мүшесі бар

«АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалының да есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аймақта 266 бастауыш партия ұйымына біріккен 53 мыңнан аса партия мүшесі бар. Солардың атынан 200 делегат қатысты. Жиында облыстық филиал төрағасы Саяси кеңестің соңғы екі жылда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына тоқталып, оны жүзеге асыру аясында облыстық Жол картасы қабылданғанын жеткізді. Есептік кезеңде алыс аудандарда 64 мобильдік қоғамдық қабылдау өтіп, 891 азаматтың мәселесі қаралған. Партия үкіметпен бірлесіп "Ауыл аманаты" жобасын да сәтті іске асыруда. Әулие ата өңіріне 20 млрд теңгеден астам ақша бөлініп, 2 мыңнан астам жоба қаржыландарылды. Конференция барысында Саяси кеңес қатары 50 пайызға жаңарды, оның 20 пайызы-жастар,қалғаны- әйелдер. Партия хатшысы алда тұрған басым міндеттерді атап айтып, олардың сапалы орындалуын ескертті. Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Халықтың шынайы сенімін ақтаймыз десек жасандылық пен көзбояушылықтан кететін уақыт. Ең бастысы, елмен бірге өзгерістерге дайын екенді дәлелдеуіміз керек. Біздің депутаттар жақсы түсіну керек. Халық сайлады, 5 жылға өттім, значок қалтада деп жүретін заман емес. Ары қарай жұмыс жасалмайтын болса қайтадан мандатты кері қайтарып алу функциясы бар екенін естеріңізге саламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Ең соңғы клиенті қалғанша жұмыс істейді»: депутат ХҚКО-лар жабыла ма деген сұраққа жауап берді
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елорда колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру нормасына қатысты пікір білдірді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Нартай Аралбайұлы еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеруді ұсынды
Түркістан облысында полиция жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды