Жамбыл облысында екі көліктің арасында қалған бала бас-ми жарақатын алды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында. ІІМ мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қордай ауданында болған. "Төрт жасар бүлдiршiн екі көліктің арасына түсіп, бас-ми жарақатын алды. Ұлын балабақшадан алып бара жатқан анасы басқа көлікті байқамай қалған", - делінген хабарламада. Полиция ата-аналарға үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау ата-ананың басты міндеті екенін еске салды.