Жамбыл облысында 65 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілмек. Табысы тұрақты болса тұрмыстарын түзеуге сеп болмақ. Облыс халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Оларды жұмыспен қамту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінген. Аймақ басшысының айтуынша, жастарды жұмыс қамту жоспары биыл 29 пайызға артығымен орындалған. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыста 65,7 мың жұмыс орны құрылды. Оның 49,4 мыңы тұрақты жұмсыс орны болып табылады. Президентитің 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы аясында 17,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жоспар бойынша 13,4 мың болатын жоспарды орындап жатыр. Өңірде су мәселе өзекті. Тіршілік нәрін шешу үшін 2025 жылға дейін 46,2 млн текше метрді құрайтын 13 су қоймасы салынбақ. Биыл үшеуінің құрылысы басталды. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстың трансшекаралық су пайдалануға тәуелділігін төмендету мақсатында су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда көлемі 650 млн текше метрді құрайтын жұмыс істеп тұрған екі су қоймада қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек бұл Тасөткел мен Ынталы су қоймалары одан бөлек көлемі 166 млн текше метрді құрайтын тағы екі су қоймасын бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Жыл соңына дейін облыста 10 мектеп, 13 денсаулық сақтау, 4 мәдениет, 8 спорт нысандары пайдалануға берілмек.