Жамбыл облысында қар құрсауынан 68 адам құтқарылды.Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.Бұған дейін халыққа СМС ескертулер мен әлеуметтік желілер арқылы ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескерту жеткізілген болатын. Алайда, жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар әлі де алыс жолға шығып, өздеріне және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді. «11 ақпанда сағат 01.00-ден 06.30-ға дейінгі кезеңде Күйік - Қарабастау-Қаратау және Қаратау-Жаңатас автожолдарының екі учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 12 жеңіл автокөліктен 68 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады», - деп көрсетті Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.