Жамбыл облысында аяздан жолаушылар қаза тапты деп жалған ақпарат таратқан әйел жазаға тартылмақ

Жамбыл облысында демалыс күндері 300-ден астам адамды "жерлеген" әйел іздестіріліп жатыр. Ол интернетте Қордай аймағындағы ауа райының қолайсыздығынан қаза тапты деп адамдардың аты-жөндерінің тізімін жариялаған. Оларды облыстан табытқа салып, белгісіз жаққа апара жатыр деп мәлімдеген.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Өңірдегі қолайсыз ауа-райы үш күнге созылды. Осы уақыт ішінде құтқарушылар, полицейлер және әскерилер жолдан адасып қалған жолаушыларды құтқарды. 5 мыңнан астам адам аман қалды. Кейін зардап шеккендер жоқ екені айтылды. Алайда артынша табыттағы жүздеген мәйіт туралы айтылған әйелдің хабары Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Бұл шындыққа жанаспайды және полицейлер ақпаратты жария еткен әйелді іздеп жатыр. Жалған мәлімет бергені үшін оған 9 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Алматы тұрғынын да осындай жаза күтіп тұр. Ол жеті адамнан тұратын отбасымен қақаған аязда қарлы тас жолда қалып кеткен. Құтқарушылардың тез келуі үшін ол қорқынышты оқиға ойлап тапқан. Айтуынша, аязда жолда қалып қойған автобуста 17 бала тоңып жатыр, оның екеуі қаза болған. "Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қордай өңірінде кәмелетке толмаған балалардың тоңып, қаза болғаны туралы жалған ақпарат таратқан Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Материалдарды одан әрі қарау үшін іс ер адамның тұрғылықты жеріндегі полиция қызметкерлеріне берілді. Қалған фактілер бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
Алматыда 14 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады