Жамбыл облысында «Бетпақдала» мемлекеттік қорығы құрылды. Онда кең даладағы ителгі мен дуадақ құстарын қорғауға басымдық берілмек. Өйткені браконьерлік әрекет үдеген. Статистикаға сүйенсек, былтыр заңсыз аң аулаған 638 адамға хаттама толтырылған. Соңғы екі жылда дерек 2 есе артқан. Қорық құру идеясы 3 жыл бұрын басталған. Жамбыл облысы мен Катар мемлекеті қос құс түрін қорғау жөнінде келісімге келген. Табиғи аумақтағы материалдық-техникалық шығынын Катар елі мойнына алып отыр. Әзірге беретін қаржы көлемі белгісіз. Қазір онда ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорық Жамбыл облысының Сарысу және Мойынқұм аудандарын қамтымақ. Жер көлемі - 1.4 млн га. Жүзеге асса 60 жаңа жұмыс орны ашылады