Жамбыл облысында элиталық құлпынай еккен шаруа 6 айдан бері әділдікке жете алмай жүр

Жамбыл облысында элиталық құлпынай еккен шаруа 6 айдан бері әділдікке жете алмай жүр. Барлығы заңды болса да ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия бермей отыр дейді. Шығынға баттым деп шырылдаған шаруаның шағымданбаған жері қалмапты. Амал таусылған азамат мемлекеттен берілетін тиісті қаражатты алу үшін, жемқорлыққа жол беруім керек па деп жауаптылардың әрекетін түсіне алар емес.«Қуаныш» шаруа қожалығы 79 млн теңгеге элиталық құлпынай дақылының 150 мың дана көшетін сатып алыпты. Оны 2 жарым гектар жерге еккен. Енді жемісін жеймін деп отырғанда ауыл шаруашылығы басқармасы аяғымнан шалып отыр дейді. Жауаптылар егу кезінде кемшіліктер кеткен деген желеуді алға тартады екен. Ғалым ҚЫСТАУБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ: Элиталық көшеттің 50 пайызын сатып алғаным үшін төйленетін көшетті, маған каким-то образом бермей отыр да. Алдын ала ескерткенбіз ол жігітке, ол бізді тыңдамай дұрыс емес екті деп, ондай ешқандай ескерту болған жоқ. 2 рет тексеріп келгенде, ескертетін болса сол кезде неге айтпады. Ол кезде де айтқан жоқ. Бәрі заңды соның өзінде маған бермеудің амалдарын жасап отырғой әлі күнге дейін. 150 мың дана көшет алып шығынға баттым деген шаруа, енді еккен жерімнен түк шықпай қалады ма деп қорқып отыр. Себебі субсидяға сеніп, несие алып, бар қаржысына элиталық құлпынай дақылын сатып алған. Енді алқапты күтіп ұстауға қаржым жоқ деп күйінеді. Ғалым ҚЫСТАУБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ: Кредитный историяның бәрі бітті, бәрі прасрочкада. Күніге азанда колекторлық компания звандап оятады. Шырылдамасам менде поляға қарайтын ақшам жоқ. Бәрі құрдан-құр күйіп кетейін деп тұр. Бәрі өліп қалайын деп тұр. Енді қарауда оңай емесқой поляны. Шәпкесін бермесем, ол менің ойымда жеке, басқа ой кеп тұрған жоқ маған. Ал аудан әкімінің орынбасары бұл жағдайға еш араласа алмаймыз деді. Субсидия беруді біз шешпейміз, ол облыс құзырындағы мәселе деп отыр. Ерғазы ЕСПЕНОВ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қолдау кз арқылы өтініш береді, өтініш тікелей облыстық ауал шаруашылығы басқармасына түседі. Сол жақтан өтінішті қанағаттандырады немесе қағаттандырмайды. Аудан әкімдігі бұл жағдайға ешқандай араласалмайды. Жауаптылардың айтуынша егу схемасында 1 гектар жерге 72 мың дана түп отырғызылу керек екен. Ал шаруа 150 мың дана көшетті екі жарым гектар жерге еккенім үшін айыптымын ба дейді. Оның үстіне ол нақты талап емес тек ұсыныс қана деп отыр. Шәкір МОМЫНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ғылыми зерттеу институтының берген ұсынысында, 85 см аралығында құрау керек еді. Ал аталған шаруашылықта 80 см ден бастап алшақтық 1 метр 20 см аралығында. Жалпақ тілмен айтқанда жүйек аралық ара-қашықтықты сақтамай отыр. Аталған ашрушалыққа ұсыныс берілген дұрыстау туралы. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша өкілдері ауыл шаруашылығы басқармасындағы мамандардың заң бұзушылықтары мен кемшіліктерін жіпке тізіп берген. Департамент шығарған шешім қолымда тұрса да нәтиже жоқ дейді. Енді ол тиісті министірлікке арыз түсіріп, басқарманы сотқа сүйремек. Айта кетейік, соңғы жылдары субсидия төңірегінде ауыл шаруашылығы басқармасының екі орынбасары, бөлім басшысы мен бас мамандарына дейін істі болған екен. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ешбір өзбек оны жеңбеген»: өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асланбек Шымбергеновпен жекпе-жегін еске алды
"Балалар есінен танып қалды": Қостанайдағы сырғанақтар тексеріледі
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін
Алматыда бірнеше аудан жылусыз қалды