Жамбыл облысында жалған "әкімдік қызметкері" ұсталды

Жамбыл облысында 13 адамды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғынынан әртүрлі уақытта бір мазмұндағы арыз түсті. Онда олар өзін Ләззат деп таныстырған әйелдің пәтер алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен. Аталған әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшасын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс жасайтынын айтқан және аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін деп алдаған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы М. есімді ешқайда жұмыс жасамайтын Жаңатас қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сонымен қатар ол өз атын Ләззат деп өтірік айтқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Автожолдардағы ауа райы қандай екені белгілі болды
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды