Жамбыл облысында жер сілкінісі болды ,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 11.14-те жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 308 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке ауылында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізіледі.