Жамбыл облысында жер төледе синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқан топ құрықталды. Бес адамнан құралған топ үй астына жасырын цех жасап, онда «мефедрон» дайындап, оны үш ай бойы сатып келген. Есті кетіретін есірткі затын саудалағандарды тінту кезінде 34 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Грамдап саудаға түсетін есірткінің бұл түрі, аса ірі көлемге жатады дейді құзырлылар. Енді қамауға алынған күдіктілердің қылмыстары дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.Данияр КЕМЕЛХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы прокуратурасының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде аса ірі мөлшерде есіртке тәркіленді. Құқық бұзушылардың әрекеттері ҚК 297 бабы, 3 бөлігі, 1-3 тармақтарымен сараланады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.