Жамбылда мектеп бітіруші түлектер мінген көлік жол апатына түсіп, рөлде болған қыз сол жерде қаза тапты . Ал қалған үш түлек түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған көрінеді. Сол күні ағасының көлігін айдап кетіп, Жаңаталап-Ақтоған ауылы бағытында жолға шыққан. Дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр. Құндыз БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:«Тайота камри» маркалы көлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқирғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік айыптұрағына қойылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолаушылар 20-17 жастағы тұрғындар және 11 сыныпты бітуші түлек ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты бақылауда.