Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Алматы-Ташкент" автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZӨрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.