Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 244 адам жылыту пунктеріне орналастырылды

Жедел қолға алынған іс-әрекеттердің нәтижесінде аталған бағыттардан барлығы 2708 адам құтқарылды, оның ішінде 94 бала бар Жамбыл облысында ауа райының бұзуылуына байланысты жолда қалған адамдардың барлығы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігіне сілтеме жасап. Жамбыл облысында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты 12 желтоқсан сағат 12:00-ден 14 желтоқсан сағат 13:15 аралығында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанның республикалық маңызы бар «Тараз-Алматы» бағытындағы жолдарда кезең-кезеңімен көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. «Жедел қолға алынған іс-әрекеттердің нәтижесінде аталған бағыттардан барлығы 2708 адам құтқарылды, оның ішінде 94 бала бар. 2464-і үйлеріне қайтарылса, 244 адам алты жылыту пунктерінде қалып отыр. 5 азамат (1 нәресте, 4 ересек) Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада. Жалпы екі күнде 5000-нан астам адам құтқарылды. Қар құрсауында қалған барлық азамат толық шығарылды. Адам шығыны ресми тіркелген жоқ. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды. Қар құрсауынан шығару жұмыстарына, жалпы 117 арнайы техника, 169 адам тартылды (ТЖД, Полиция, әскери, жергілікті атқарышу орган қызметкерлері). Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. «Ауа райының күрт нашарлауынан жарықсыз қалған Қордай, Шу, Мойынқұм, Шу аудандарындағы 30 елді мекеннің қазіргі таңда оның 25-іне электр қуаты берілді. Қалған 5 елді мекенде электр энергиясын қосу жұмыстары жүруде. Бұл жұмыстарға «Жамбыл электр желілері» ЖШС-нен 23 жедел топ пен 27 арнайы техника тартылды», - делінген хабарламада. Барлық орталық қазандықтар штатты режимде жұмыс істеуде, газ құбырларының апаты тіркелген жоқ. Қордай, Шу аудандарында қосымша 825 орынға арналған 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. «Қазақстан теміржолы» АҚ ақпаратына сәйкес, Шу-Отар учаскесінде жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатыла бастады
Көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты
Ішкі істер министрлігінде 2025 жыл «Профилактика жылы» болып жарияланды
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
«Біз енді бөтен адамдармыз»: танымал әншінің алты жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды
"Ұлттық қор – балаларға": Былтыр қанша қаржы нысаналы мақсаттарға пайдаланылды?