Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының жолдарында ТЖМ құтқарушылары мен ЖАО қар құрсауында қалған 795 адамды құтқарды. Сондай-ақ 15 адамға жедел медициналық көмек көрсетілді.«27 автомашина құтқарушылар күшімен қар құрсауынан сүйрелді. Облыс ТЖД-да жедел штаб пен «Жедел желі» телефондары ұйымдастырылды. Барлығы 346 қоңырау түсті», - делінген ТЖМ хабарламасында.Демалыс күндері Жамбыл облысының құтқарушылары азаматтардың шақыруларына ден қою бойынша жедел шаралар қабылдады.«Азаматтардан құтқарушылардың ұсынымдарын орындауды және дауылды ескерту болған жағдайда жолға шықпауды сұраймыз», - делінген хабарламада.