Жамбыл облысында қолдан ерекше кілем тоқитын шебер бар

Жамбыл облысында қолдан ерекше кілем тоқитын шебер бар. Қолөнерді қолға алған - қыз-келіншек емес, ер адам. Ол қазақ оюын кілемге басып шығарумен айналысады. Кәсіп иесі отбасымен бірге заманауи кілем тоқу кәсібін дамытуды мақсат еткен. Әлімжан Алханның негізгі мамандығы- заңгер. Қазір ерекше кәсіпті дөңгелетіп отыр. Ескіні жаңғыртып, заманауи нақышта ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында тұрады. Алғашында әлеуметтік желіде тафтинг жанрындағы кілемшелерді көріп қатты қызығыпты. Кейін тоқыма машиналарын зерттей келе, бизнес жоспарын жазып жергілікті билікке ұсынған. Аймақтағы атқа мінерлер қолдап, 1 миллион 380 мың теңге қайтарымсыз грант берген. Әжелерімізден, апаларымыздан ауылда көретін едік. Кілемдер жасап әзірлегендерін. Қазіргі уақытта сол тоқыма өнерінен біздің халық алшақтап бара жатыр. Бүкіл қазақтың салт-дәртүрін, оюларын көрсетіп, ою өрнектерімен кілемдер әзірлеп, жүзеге асырып жатқан іс-әрекетіммен тоқыма өнерін жандандырып, қайтадан халыққа паш еткім келеді. Әлімжан өз қызығушылығындағы бейтаныс бизнесті отбасылық кәсіпке айналдырды. Балалары жіп иірсе, жұбайы кілем шетін көктеуге жәрдемдеседі. Енді отбасы бұл кәсіпті одан ары дамытқысы келеді. Тек оған қаржылай қолдау керек. Асқар ЖАНҚОРАЗОВ, АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2,5 пайызбен Ауыл аманаты бойынша кредит берілейін деп жатыр. Соған бизнесін алып ұсынуға болады бұл кісілерді. Ол СПК арқылы беріледі ауыл әкімшілігімен. 9 миллионның төңірегі деп айтып жатыр. Енді қазір басым бөлігін осы басқа бизнес түрі деп жатырмыз ғой жаңғы осы сияқты кілем теплица деген басқа бизнес түріне береміз деп жоспарлап отыр. Былтыр осы Жамбыл ауданының өзінен 114 тұрғын тың идеясы үшін қайтарымсыз грант алған. Мемлекет биыл тағы да жұмыссыз азаматтарды 7 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқудан өткізбек. Бұл аймақтағы жұмыссыздар санын азайтып, тұрғындардың тағы да жаңа кәсіп игеруіне жол ашады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты