Жамбыл облысында қомақты қаржы жымқырған экс-шенеунікке қатысты тағы бір үкім шықты

Жамбыл облысында Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысына тағы бір үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz. Бұған дейін, 2021 жылы арнайы прокурорлар ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу саласындағы кепілдік жарналарды қайтармау дерегі бойынша бөлімнің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерген.Кейін аудандық соттың үкімімен былтыр 19 мамырда ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.Оны тергеу абақтысынан түзеу мекемесіне жолдағаннан ұзақ уақыт өтпей, жаңа қылмыстық іс тіркеу үшін тағы бір дерек анықталды.Мәселен, ТКШ бөлімінің қызметін бюджет қаражатының жұмсалуына және депозитарияны ұйымдастыруға тексеру барысында 2014-2016 жылдар аралығында Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы 5 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.Жымқыру тәсілі аудандық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бұрын ұрланған ақшалай қаражатты өтеу үшін мердігерге кепілдік сомасын қайтару үшін ақшалай қаражат бөлу туралы хат жолдау болды.Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-терсеру жүргізіліп, кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.20.09.2023 жылғы сот үкімімен бөлім басшысына осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚПК-тің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып (жаза неғұрлым қатаң жазаны сіңіру арқылы тағайындалды) 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп
Қорғасын зауыты қалдығынан құтылады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу