Жамбыл облысында қызды алып қашқаны үшін 2 адам сотталды

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қызды алып қашқаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.2022 жылдың көктемінде «Ж» есімді азамат ортақ таныстары арқылы «А» есімді азаматшамен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда осыған қарамастан, «Ж» есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашуға шешім қабылдаған. 2023 жылдың ақпан айында Таразға келіп, «Ж» есімді азамат пен досы бірге өз жоспарын жүзеге асыруға кірісіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан. Көршілер қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген. Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады. 21 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ұрлау, оның ішінде қыз алып қашу адам құқықтарын және бостандық пен теңдіктің негізгі принциптерін бұзу болып табылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты прокуратура адам ұрлаудың нақты бас бостандығынан айырумен жазаланатын ауыр қылмыс екенін ескертеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді