Жамбыл облысында нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан акушерлер сотталды

Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс сотына сілтеме жасап. Бұл оқиға былтыр қарашада болған еді. Жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б.-ға хабарласқан. Қыздың жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б. әріптесі Ю.-дан қыз босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған.Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін акушерлер жәбірленушіні алдап, жаңа туған нәрестені біреуге 1,5 миллион теңгеге сатқан.Жәбірленушінің заңды өкілі, куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындысы және заттай дәлелдеме арқылы сотталушылардың кінәсі дәлелденген.Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, прокурор сотталушыларды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындаған.Бұл қылмыс бойынша, Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөліміне сәйкес 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бір сотталушының балалары бары ескерілген. Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіп дәрежесін, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлімінің талаптарын ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүйрікте де жүйрік бар
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды