Жамбыл облысында өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Kazinform.Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы» бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде. Облыстық баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылған. Жамбыл облысы 14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды. Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады. Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде. Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған. Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетуде. Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Сабыр сақтауға барынша тырыстым»: Хабиб Нурмагомедов ұшақтағы жайтқа пікір білдірді
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты
Ішкі істер министрлігінде 2025 жыл «Профилактика жылы» болып жарияланды
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
«Біз енді бөтен адамдармыз»: танымал әншінің алты жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды
"Ұлттық қор – балаларға": Былтыр қанша қаржы нысаналы мақсаттарға пайдаланылды?