Жамбыл облысының полиция департаменті қызметкерлері заңсыз сақталған қаруларды іздеу жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында полиция қызметкерлері 253 бірлік қару, 4431 бірлік оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, 17 автомат, 70 тапанша, оның ішінде 10 ПМ, 147 тегіс ұңғылы мылтық, 19 мылтық және 15 граната. Алынған қарулардың ішінде 41 қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ғимаратынан ұрланған. Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.Сондай-ақ полиция департаменті баспасөз қызметі тұрғындарға қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды.