Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция қызметкері жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Полицияның хабарлауынша, бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізеді."Қыз сот-медициналық сараптама өтуден бас тартқандықтан, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 600-бабы 1-бөлігі бойынша "Жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу” бойынша қызметкер жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. Аталған заң бұзушылыққа он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.