Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Президент шұғыл тапсырма берді

Жамбыл облысы Отар ауылында әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз жансақтау бөліміне түсті. Қостанайлық Нұржігіт Әбділпатта әскерге мамыр айында өз еркімен барған. Арада бір ай өтер-өтпес ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер жігіттің жағдайы нашар екенін айтты. Анасы ұлына "әлімжеттік көрсеткен" дейді. Ол туралы Президентке жолдаған үндеуінде айтқан. Мемлекет басшысы мәселеге бей-жай қарамады. Құзырлыларға шұғыл тапсырма берді. Нұржігіт Әбділпатта үйінің жалғыз ұлы. Шымкенттегі "Авиценна" жоғары медицина колледжінде 1-курста оқып жүрген. Демалыста Қостанайдаға барып, ата-анасына әскерге өз еркімен барғысы келетінін айтады. Сөйтіп, мамыр айынан бастап Отардағы 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметте болған. Бірақ ант қабылдамай жатып, осындай ауыр жағдайға тап болды, - дейді анасы. Жанна ЖАНАЛИНА, САРБАЗДЫҢ АНАСЫ:Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев! Ауруханаға түскен кезде дәрігерге “мені кіші сержант ұрды” деп айтып үлгеріпті. Содан кейін есін жоғалтты. Дәрігерлер әскери полицияны шақырған. Аталған іске 7 адам куәгер болыпты. Нұржігіттің денсаулығында бұған дейін ешқандай кінәрат болмаған. Аралас жекпе-жекпен айналысқан, спортқа жақын. Әскерде жүрген кезінде де шағым айтпады. Сарбаздың анасы Жанна Жаналина ұлының жағдайы туралы 9 маусымда естіген. Әскери полиция қызметкері түскі сағат 12.00 шамасында хабарласып, "Нұржігіттің ЖРВИ диагнозымен әскердегі медпунктке түскенін" айтады. Бірақ сарбаз 8 маусым күні Қордайдағы ауруханаға жеткізілген екен. Тимур ЖАНАЛИН, САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ:Қазір мен Қордайдағы аудандық ауруханада жүрмін. Біздің ұлымыз жансақтау бөлімінде ес-түссіз, өлім аузында жатыр. Біз оның әскери ант қабылдауына келеміз деп отыр едік, бірақ тағдырдың жазуымен одан ерте келіп қойдық. Ұлымыздың денесіне зақым келтірген сержантқа қатысты тергеу "түсініксіз" жүргізіліп жатыр. Оған қол көтергенін ұлымызбен бір қатарда тұрған сарбаздар айтты, сержант күтпеген жерден оған соққы берген, содан ол тұра алмай бүк түсіп отырып қалған. Сарбаздың ата-анасы Нұржігіттің қалтасында тамаққа себетін спрей болған, - дейді. 6 мамыр сапта тұрған кезде соны қолданбақ болады. Қалтасына қолын салған кезде кіші сержант оң жақ көкірегінен ұрған. Осыдан кейін жағдайы нашарлағанын айтады. Ал дәрігерлер жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозын қойған. Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:Сарбаздың денесінен зақымданған не көгерген жер табылған жоқ екенін атап өту керек. Мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты келісімшарт бойынша әскери қызметші тарапынан билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ІІМ әскери тергеу басқармасымен қылмыстық іс қозғады. Қазір тексеріс жүргізілу үстінде. Өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды. Не істерін білмеген сарбаздың ата-анасы Президентке үндеу жолдады. Ананың жан айқайы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына жетті. Президент Жамбыл облысында сарбаздың комаға түсуіне қатысты тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Берік УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семей жұрты Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа көлік мінгізді (ФОТО)
"Ордабасы" жаңа бапкерді таныстырды
Суықта жолда қалған Түркия азаматы құтқарылды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты