Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбылда төтенше жағдай жарияланды. Үш күн бойы ақ түтек боран мен аяз Әулиеата жұртын әбден әбігерге салды. Жолдар жабық. Күре жолдың бойында 3 мың көлік кептеліс те тұр. Қазір әскери техника мен танкілер құтқару қызметіне кіріскен. Қарлы дауылдан 30 елдімекен жарықсыз қалған. Теміржол қозғалысы уақытша тоқтатқан.Тараздың шетіндегі 2 елдімекен екі күннен бері суық күнде сусыз отыр. Қақаған қыста қар ерітіп ішуге мәжбүр болуда. Осы уақытқа дейін Лето саяжайы мен Құмшағал жұрты темір жол стансасының суын тұтынып келген. Суды соратын құралғы істен шыққан. Алматылық мердігер қажетті құралды жол жабық болған соң жеткізе алмай отыр екен. Қайрат ИСМАИЛ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Су жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы жоба келесі жылы аяқталады. Осыған дейін алқап сумен қамтамасыз етілмеген болатын. Қатты аяздан өңірде кешелі бері табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Әсіресе Шу мен Қордай ауданында жағдай тіпті қиын. Қарлы дауылдан Шуда 30 елдімекен жарықсыз қалған. Яғни 9 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр. Жергілікті билік бүгін 5 ауылдың жарығын қайта қосыпты. 23 авариялық бригада тынымсыз тоқтағы ақауларды анықтауда. Ал ауданда барлық жолдар жабылған соң, 76 техника аршу-құтқару ісіне кіріскен. Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі таңда 6 жылу пунктінде 1883 адам келіп орналастырылды. Барлық бірінші көмекті алды. Арнайы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Өкінішке орай бүгінде жүргізушілер жолдағы блок бекеттерді айналып өтуге тырысқан жағдайлар анықталуда. Құтқару жұмыстары қазіргі таңда жалғасуда. Жамбылда үш күнің ішінде 5 мың адам құтқарылды. Оның 90-ны бала. Бүгіннің өзіңде құтқарушылар екі мыңнан астам адамды қар құрсауынын алып шықтық деп отыр. Адам өлімі тіркелмепті. Бірақ үш адам үсік шалып ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайлары тұрақты. Ал Қордай ауданына көрші елден 39 құтқарушы көмекке келген. Оңтүстік өңірлік қолбасшылығынан да 20 әскери техника бөлініп, 200 сарбаз құтқару қызметіне кіріскен. Ораз КҮШІКОВ, «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Эвакуация үшін бізден МТ-ЛБ техникасы жұмылдырылған. Сосын Т-72 танкісі де бар. Қордай асуына 13, Күйік –асуында 5 техника жүр. Тараздағы темір жол бекеті жолда қалған жолаушыға толы. Сағаттап кешіккен пойызды күтуде. Бірақ келетін түрі жоқ. Себебі Шуда шойын жолды қар басып қалған. 2 тәулікте бас-аяғы 23 бағыттағы поезд кестедегі уақытынан кешіккен. Тазарту жұмыстары қарқын алып, қазір тек 4 бағыты қалған. Мұнда шашамен 2200-ге жуық жолаушы бар. Вокзал басшылығы да бүгіннен қалмай, барлық жолаушы жөнелтіледі дейді. Аймақта барлық республикалық жолдар әлі жабық. Полиция департаменті қазірдің өзінде 3 мыңға жуық көлік кептелісте тұр дейді. Сонықтан 750 полицей күндіз-түні жол бойында кезекшілікте жүр екен. Облыс бойынша 65 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды