Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде 7 айлық нәресте көз жұмды

Бірақ, облыстық денсаулық сақтау департаменті баланың өлімі жайлы ақпарат беруден бас тартты,-деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде тағы бір нәресте көз жұмды. Себебі белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген.  7 айлық егіз Ева мен Дария Шу аудандық ауруханасында жатқан. Мұнда олар жөтел мен дене қызуына байланысты түскен. Нәрестелердің анасының айтуынша, балалардың бірі тамақты қыздыру ем шарасынан кейін қан құса бастаған. Облыс орталығынан келген дәрігерлер ем жасағанымен, нәтиже шықпапты. Нәрестенің қандай кінәраттан қаза тапқанын дәрігерлер нақты айтпай отыр.«Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы бізге бірде-бір дәрігер жақындап, жағдайымызды сұрамады. Ал Тараздан келген мамандар ем қабылдай бастағанда, балапанымнан айырылып қалдық», – деді қайтыс болған баланың анасы Александра Семёнова. Ал егіздің сыңары қазір Тараз қаласындағы емханада жатыр. Дәрігерлер балада пневмония бар деп, арнайы медициналық авиация арқылы облыс орталығына алдыртқан. Оның да жағдайы мүшкіл. Ақ халаттылардың айтуынша, тиісті ем-дом жасап жатыр. «Бізге 10 сәуірде сағат 20:00-де Шу аудандық ауруханадан Семенова Ева 7 айлық қыз ауыстырылды. Жағдайы орташа хәлде болды. Көрсетіп жатқан ем-шаралар хаттама бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Перизат Халықова. Ал облыстық Денсаулық сақтау департаменті баланың өлімі жайлы ақпарат беруден бас тартты. Себебі тексеру іс-шарасы аяқталмаған. Ал полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. «Аталған факт тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баланың денесі мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлсара Мұхтарқұлова. Еске салсақ, бірнеше ай бұрын дәл осындай жағдай Меркі ауданында болған еді. Екі істің де әлі нүктесі қойылмады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА