Жамбыл облысындағы ауылда оқ атылды: 34 жастағы ер адам көз жұмған

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында оқ атылды. 34 жастағы ауыл тұрғыны алған жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ә. А. есімді ауыл тұрғыны түнде алған жарақатынан ауруханаға барар жолда көз жұмған. Ол бұрын жасаған қылмысы үшін сотты болған. Қазір қару қолданды деген күдіктілер іздестірілу үстінде. Ал мессенджерлерде төрт адамның күдікті екені көрсетілген полицияның бағыттама қағазы таралды. Қос тараптың да қылмыс әлеміне қатысы бары айтылуда. Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктілерге іздеу жариялағанымен олардың кімдер екені нақты айтылмай отыр. Марқұмды қандай мылтықпен атқаны сараптамадан кейін белгілі болмақ. "Марқұмды ауыл ішінде атқан. Оны ауруханаға алып бара жатқан. Бірақ медициналық мекемеге жетпестен жедел-жәрдем ішінде қаза болған. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни адам өлтіру бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау іс-шаралары жүргізілуде", - деді Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Алмаз Саламатов. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша болған төртінші кісі өлімі. Былтыр бұл бап бойынша аймақта 30-дан аса адам қаза болған.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады