Жамбыл облысындағы халықты құлақтандыру жүйесінің 21 пайызы ғана жұмыс істеп тұр

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде шұғыл ақпарат жеткізетін 119 дабыл белгісі немесе жалпы қажеттіліктің 21 пайызы ғана жұмыс істейді. 7 коммуналдық су қоймасында құлақтандыру жүйесі жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.Облыс орталығы Тараз қаласында дабыл белгісі барлығы 39 орында, атап айтқанда, облыс әкімдігінің білім басқармасы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз жоғары политехникалық колледжі мен №10, №12, №14, №20, №29, №32, №33, №36, №53, №54, №55, №56 орта мектептерде орнатылған. Сонымен қатар Тараз қалалық №2, №5 емханаларда, Абай көшесіндегі автоматты телефон стансасы, "ТаразКожОбувь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Әулие-Ата" халықаралық әуежайында да дабыл жүйесі іске қосылған. Сонымен қатар "Жамбыл оқыту комбинаты", "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Минералды тыңайтқыштар зауыты", Батуров атындағы "ЖГРЭС-і" акционерлік қоғамы, "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы, "АрайАгро-өнімдері", "Тараз қант зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де дабыл белгісі жұмыс істеп тұр. Алайда тұрғындардың айтуынша, таяу уақытта екі ауданға бөлінгелі отырған Тараз қаласына 39 дабыл жүйесі аздық етеді. Себебі қаланың кейбір аймақтарындағы дабыл белгілері алыста болғандықтан жақсы естіле бермейді. Ал Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Нұрболат Өмірзақ мәселені шешу үшін облыс бойынша қанша дабыл белгісі қажет екендігі есептеліп, жергілікті атқарушы органға хабарлама тарату жүйесін орнату жөнінде өтініштер берілгенін айтады. "Дабыл белгілері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Соңғы рет Тараз қаласындағы дабыл белгілері жыл басында тексеруден өткен. Биыл 31 қаңтарда облыстық прокуратура және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің өкілдерімен бірге қаладағы дабыл белгілерінің жұмысын тексеруден өткізгенбіз. Нәтижесінде облыс бойынша барлық істен шыққан дабыл белгілері қайта қалпына келтірілді. Дабыл құралдарын алуға 2018 жылы 229 миллион теңге бөлінген. Оған С-40 және СРУ сирена түрлері орнатылған", - дейді Нұрболат Өмірзақ. Жуырда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров те тексеру жұмыстарының нәтижесінде азаматтық қорғау күштерін жасақтау, эвакуациялық пункттердің дайындығы, сондай-ақ халықты хабардар ету жүйелерінде бірқатар бұзушылықтар анықталғанын мәлім етті. "Бүгінгі таңда өңірдің азаматтық қорғау жүйесі азаматтардың қорғалуын толық қамтамасыз етпейді", - деді Нұрғалым Мәжитұлы. Тексеру көрсеткендей, облыста төтенше жағдай кезінде халықты эвакуациялық пункттермен тиісті қамту қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігі анықталған. Бұдан бөлек өңірде өрт қаупі бар бес жүзден астам нысанның болуына қарамастан, бөлімшелер жеткіліксіз жарақтандырылған. Жалпы облыстағы әрбір бесінші өрт тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуі нәтижесінде орын алған. Бұл ескерту және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етеді. 2023 жылы дала және орман алқаптарында 50-ден астам өрт пен өрттің тіркелуіне қарамастан, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды