Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім етті.«25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.