Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды.«Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылады. Бұл құрам кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен. Қосымша ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» бот жеделхатынан алуға болады. Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан 14 желтоқсанда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.