Жамбыл облысының Қордай ауылында ірі сауда үйі өртке оранды. 500 шаршы метр аумақтың тең жартысы түгі қалмай жанып кеткен. Өртенген аумақтың басым бөлігі дәмхана болған. Бірінші ас үйден тұтанған от жапсарлас жатқан тұрмыстық тауарлар мен киім кешек дүкендерін де шарпыды. 5 дүңгіршек тауарларымен қоса түгел өртеніп кеткен. Қызыл жалынды сөндіруге 17 адам, үш техника жұмылдырылған, 40 тоннадан аса су пайдаланылды. Алмас ЖҰМАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:Өрт сөндіруші бөлімшелерінің қызметкерлерінің шұғыл және сауатты әрекеттерінің арқасында жақын тұрған ғимараттарға өрттің өтуіне жол берілмеген. Өрттің шығуы себебі мен материалдық шығыны қазіргі уақытта анықталуда. Оқиға орнына анықтаушы мен өрт-сынақ зертханасы жолданды.