Жамбылда 24 жыл бұрын жабылған кәсіпорын жұмысшылары өтемақы талап етуде. Олар «Қаратау» мекемесінде өндірістік жарақат алып, мүгедек болып қалған. Олардың өтініштерін Мәжіліс депутаттары өңірге барып тыңдады. Талабын айтып жиналған тұрғындар 1999 жылы банкрот болған «Қаратау» фосфор зауытында жұмыс істеген. Өндірісте жұмыс істеген азаматтар сол жылдары денсаулықтарына едәуір зақым келгенін айтады. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде жүзге тарта адамнан қазір отызы қалыпты. Алды алпысты алқымдаған. Талаптарын айтып талай жерге барған. Тіпті сотта болыпты. Олар бұрынғы жалақымен есептелсін деген шешім шығармаған. Ал олар инфляцияны ескеріп, қазіргі орташа жалақымен есептелсін дейді. Бауыржан НҰРАХАНҰЛЫ, ТҰРҒЫН: Біз қанағаттанбаймыз. Сондықтан бізге мемлекет қаулы шығарып, өзіміздің осы алған жарақатымыз туралы мүгедектігімізді төйлеп берсе басқа талабымыз жоқ. Кеншілердің талабын тыңдауға Таразға Мәжіліс депутаттары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау камитетінің өкілдері арнайы келді. Өтемақы туралы өтініштері орынды екенін айтып, арыздарын Астана жеткіземіз деп уәде етті. Ескендір МҰҚАШ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Біз олардың барлығын тыңдадық. Алда олардың шағымдарын қарап, негізінде барлығы сот жүйесінің аумағында болады деп ойлаймын. Сондықтан біз өз тарапымыздан қандай көмек, қолдау көрстеміз деп уәде бердік. 30 мүгедектеріміз қалған солардың құқұғын қорғауға біз атсалысамыз. Жұмысшылардың талабы тыңдалды. Енді тиісті сала мамандары заң аясында шешім шығаруға жұмыс істейді.