Жамбылда Кенен ауылында су жоқ

Жамбылда Кенен ауылында су жоқ. Қолына салдыратып бос шелек пен бос ыдыс аяқ ұстаған тұрғындар ашулы. Бұған олар жергілікті билікті кінәлайды. Себебі, елдімекенге ауыз су тартуға түрлі мемлекеттік бағдарламамен бірнеше мәрте ақша бөлініп құбыр жүргізілген. Әкімдіктің есебі бойынша да бұл ауыл суы барлар тізімінде тұрған көрінеді. Ақжолтай БЕКТҰРСЫНОВА, КЕНЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Ылғи осы ауылға ақша бөлініп жатыр. Сол ақша қайда кетіп жатыр? Кім оны тексеріп жатыр? Кім реттеп жатыр? Қашанғы халық сусыз отырады? Думан ТОҚТАРОВ, КЕНЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Бәрі фляк, шелекпен тасиды да жүреді. Үш жыл бұрын салды мына құбырды. Онда су жоқ. Су келгенде жоқ. Бұл ауылға бір емес бірнеше мәрте ауыз суға ақша бөлінгенін аудан әкімдігі де жоққа шығармайды. Бірақ 500-дей түтін тұратын елдімекен дұрыс есептелмеген сияқты. Осы уақытқа дейін суға деп жұмсалған қаражат құмға сіңіп кеткен. Енді тағы қаржы бөлуді қарастырып жатқан көрінеді. Бекзат БОЛАТБЕКОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:Осы күнге дейін Кене ауылында жер асты сулары зерттелмеген. Зерттелмей бірталай ұңғымалар жасалған. Бірақ жер асты суы тартылып судың мөлшері жоқ. Халық ауыз суды Кененнің жоғары жағындағы Сулы сайдың бұлағынан ішіп отыр. 3,5 шақырым жерде. Енді жоба бойынша жаңа технология шығып жатыр ауылдың басына 1000 кубтық тоспа саламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды