Жамбылда мектеп оқушылары астан уланды

Жамбылда мектеп оқушылары астан уланып, ауруханаға түсті. Ыстық тамақпен қамтуға жауапты мердігер 82 мектепте ас әзірлейді. Облыстық прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Тағамнан ұшынғандардың жағдайын өңірдегі тілшіміз білді.Кеше Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп гимназиясының оқушылары асханадан ас ішіп, жаппай ұшынды. Алдымен алғашқы ауысымнан шыққандар басы айналып, жүрегі айнып түске таяу ауруханаға түскен. Артынша екінші ауысымның балалары да дәл осындай ішек инфекциясы диагнозымен бірінен соң бірі аудандық ауруханаға ағылған. Жадыра ЕСБОСЫНОВА, АТА-АНА: Кеше мектептен келгеннен кейін құсып бастады. Құсқаны қоймады. Қайта-қайта құсу болды. Әлсіреу болды балада. Жедел-жәрдем ішінде де құсып барды. Кеше қатты ауыр жағдайда болды. Қорықтым. Балам үшін қорықтым. Аудандық аурухананың алды кешелі бері абыр-сабыр. Жедел жәрдем қызметі тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Себебі, сол мектептен ыстық тамақ ішкен 438 бастауыш сынып оқушылары үй-үйлеріне барып жағдайларын бақылауға кіріскен. Ол үшін 16 мобильді топ құрылды. Бүгінде 46 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. 44-і оқушы, 2-і ұстаз. Оның 11-і дәрігердің қарауынан кейін үйіне қайтарылған. Қазір 35 адам әлі ауруханада ем қабылдауда. Жандос РЫСҚҰЛОВ, БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бір-бірден келіп, одан кейін жиі келе бастады. Бүгінгі жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Іш өту, жүрек айну, құсу бәрі жоқ. Температура бәрі норма. Түнгі сағат үшке дейін 350 бала көрінді. Олар үйінде, жағдайлары бәрі жақсы. Мектеп асханасы қазір жабық. Ал сабақ кесте ойынша жүріп жатыр. Бірақ мына жағдайдан кейін мектеп оқушыларының көбі сабаққа келмеген. Қазір асханадан түрлі сараптамалар алынып зертханаға жолдаған. Гүлбахрам ЕРМЕКОВА, Н. КИІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жетінші қарашадағы жағдайдан кейін барлық анализдер асханадан алынып, бүгінде асхана жабық. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бақылау қорытындысын айтқан соң асхана жұмысын бастайды. Мектеп оқушыларының нақты қандай астан уланғаны белгісіз. Кеше ас мәзірінде тауық етінен палау, қызанақтан жасалған салат, кептірілген жемістен компот және нан болған. 10 күн ішінде сараптама қорытындысы шыққан соң облыс әкімдігі шешім шығармақ. Нұржан КАЛЕНДАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыс әкімінің тапсырмасымен шұғыл түрде жұмысшы тобы құрылып, Байзақ ауданына денсаулық сақтау, білім беру, СЭС, басқада уәкілетті органдардың тобы тиісті жұмысты бақылауға алды. 16 мобилдік топ құрылды. Кеше түнімен тиісті рейдттік шаралар жүргізілді. Барлық балаларды үйлерінде тексеріп зерделеп қарап шықты. Бүгінгі күнге ешқандай қауіп жоқ деп есептеймін. Жамбылда жалпы 466 мектеп бар. Ал жеке кәсіпкер Тоқсейітов аймақтағы 82 білім ордасына қызмет көрсетіп, 25 мыңнан аса баланы ыстық тамақпен қамтып келген. Оның 13-і осы Байзақ ауданында орналасқан. Биыл 229 млн теңге қаржы алыпты. Енді арнайы құрылған жұмыс тобы сол мектептің бәрін бақылауға алмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті